Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізге келіп түскен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын қайта қарауыңызды сұраймын

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сіздің алдыңызға келіп түскен отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты заңжобаны өзіңіз толықтай қайта қарап дұрыс сүзгіден өткізіп, жұмыс тобының емес, өзге заңгерлермен өзара қарап шығуыңызды сұраймын! Өйткені, аты зорлық-зомбылыққа қарсы заң болғанымен, заты өзгеше жұмыс жасауы әбден мүмкін деген саналы, есті Ата-Аналардың үрейі бар, және де ол орынсыз деп ойламаймын. Басынан бастап Халық үшін жабық болған бұл заңның астарында не тұрды, Халықтан соншама жасыратын? О бастан жұмыс тобы жабық құралды, Халыққа еш ақпарат берілген жоқ, Ата-Аналарды жұмыс тобына кіргізу бойынша көптеген хаттарға жауап болған жоқ, жұмыс тобының мүшелерінің тізімі де құпия болды! Ал заңға енгізген өзгерістер авторларын бүгінгі күнге дейін біле алмай отырмыз! Халыққа жұмыс жасайтын заң- Халықпен талқыланып, Халықпен мақұлдану керек деп есептейміз! Және де барлық жұмыс отырыстары сайтында тікелей эфирде жүруі керек еді, және сақталу керек еді, себебі 20 000 000 Халық бірден бір уақытта жұмыс отырыстарын уақытылы қарап отыра алмайтыны анық, бірі ерте, бірі кеш, әйтеуір бір қарап шығар еді! Бізде зорлық-зомбылыққа қарсымыз! Бірақ сол зорлық-зомбылықты жамылып басқа дүниелер өтіп кетпесін деп үрейленіп отырмыз! Дұрыс шешім қабылдайсыз деген үлкен үміттеміз 🤲🇰🇿 __________________________________________ “Қазақстандық Ата-Аналар Одағы“ РҚБ сайт: Instagram: Телеграмм арна: вКонтакте: You Tube: @kazsouzrod Facebook: TikTok: @kazsouzrod e-mail: kazsouzrod@ Пошталық мекенжайы: 010000 Қазақстан Республикасы Астана қаласы Әуезов көшесі 13, а / ж 46 Тел.: 7 778 776 80 71 7 778 776 80 72
Back to Top