Нрлан Сырлыбаевты биыл он жетінші кзі апасты тар камерасында тіп жатыр.

Нұрлан Сырлыбаевтың биыл он жетінші күзі қапастың тар камерасында өтіп жатыр. Кеңес үкіметінің шекпенінен шыққан қоғам имандылыққа ден қойғанда ол ілім іздемеді. Рухани сұранысын у-мен толтырып, псевдосалафиттерге ерді. Бүлікшілер қазақтың дәстүрлі дін жолын бұрмалады. Талай шаңырақтың шырқын бұзды. Әлеуметтік, діни алауыздық туғызуға күш салды. Тіпті, құзырлы органның ғимаратын жармақ болған. Бірақ, күштік құрылымдар діттегендеріне жеткізбей тұтқындады. Жалпы қандай да бір ұлтты жою үшін қару кезеніп, соғыс ашу міндетті емес. Тарихи жады, ұлттық коды жойылған ел есеңгіреп, өзі-ақ адасады. Сырттан жазылған кітапты оқып, қолдан жасалған «дінге» сеніп, псевдошейхтарға табынғандар тарихи тегін ұмытады.
Back to Top