Алматы облысының Кеген ауданында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жұмыстарының екінші кезеңі басталды.

Алматы облысының Кеген ауданында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жұмыстарының екінші кезеңі басталды. Бірінші кезеңде екпе алған азаматтар бүгінде өзін жақсы сезінуде. Олардан ешқандай асқыну белгілері байқалмаған. Аудандық аурухана ғимаратының жанынан 10 орындық екінші деңгейлі жұқпалы аурулар ауруханасы жасақталып, жұмыс істеп тұр. Орталықтандырылған оттегі станциясы да орнатылған. Өткен жылы Кеген аудандық ауруханасына 57 миллион теңгеге орталықтандырылған оттегі станциясы сатып алынып, 50 палатаға арнайы дайындалған оттегі нүктелері орнатылды.
Back to Top