Үй құстары қырылып жатыр

Коронавирустан енді ес жия бастадық ау дегенде құс тұмауы келіп әлек салып жатыр. Елдің 5 өңірінде бүгінге дейін 150 мыңдай тауық пен қаз қырылып қалды. Әлбетте аталған індеттің адамға жаппай жұғуы екіталай, бізге келіп-кетер несі бар деп тоқмейілсуге болмайды. Десе де ғылыми терминде Зоонозды инфекция деп аталатын жан-жануарлардың індеті сақтық шараларын жасамаса адамға жұғуы мүмкін. Және оның симптомдары келесідей: Құс тұмауы, шошқа тұмауы сияқты инфекциялар жоғарғы тыныс алу жолдарының жеңіл ауыруына алып келеді. Адамның қызуы көтеріліп, жөтел қысады, кеудесіне қақырық толып, дер шағында ем жасамаса пневмонияға, сепсис және тыныс жетіспеушілігі дертіне ұрындыруы ықтимал. Дімкәс адамдар бұл симптомдарды көтере алмай көз жұмуы мүмкін. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top