Елдегі карантиндік шектеулер жұмсартылды

Кеше ғана Бас санитар дәрігер қызметіне тағайындалған Ерлан Қиясов карантиндік шектеулерді жұмсартты. Енді демалыс пен мереке күндері ел аумағында шаштараздар, сұлулық салондары, діни нысандар жұмыс істемек. Сондай-ақ қазақстандықтар ашық аспан астындағы кинотеатрлар мен аттракциондарға емін-еркін бара алады. Құжатта театрлардың да залдағы көрермендердің санын 50 пайыздан асырмай, санитарлық талаптарды сақтап, қойылым қоя алатыны жазылған. Ойын-сауық орталықтарындағы қоғамдық тамақтану орындарына да қызмет етуге рұқсат бар. Бірақ бір уақытта онда тек 50 адам ас іше алады. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top