Осы жылдың шілде айында ғана елімізде 28 мыңнан астам адам қайтыс болған. Бұл жыл басынан бері ең жоғары көрсеткіш. Қаралы хабарды Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитеті хабарлады. Ведомство таратқан мәліметке жүгінсек, биыл қаңтарда 11 867 адам, ақпанда 10 842, наурызда 8 511, сәуірде 4 441 адам көз жұмған. Мамыр айынан бастап өлім саны күрт артып 14 358 адам, маусымда 14 949 адам қайтыс болыпты. Еске сала кетейік, шілде айында коронавирус құрбандарының саны да көп болды - 30 маусым мен 2 тамыз аралығында елімізде COVID-19-дан 870 адам көз жұмған.
? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
19 views
1
0
1 year ago 00:03:10 1
Елде шілде бойы тұрмыстық жанжалға қатысты 10 мың шағым түскен