Қазақстан мен Венгрия құрамаларының ойынына бейнешолу

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының Венгрияны қабылдап, айқын жеңіске жетті. ⚽ Біздің жігіттер қарсыластың қақпасына бес гол соқты. Арнольд Кнауб екі рет көзге түссе, Дәурен Нұрғожин, Альберт Ақбалықов және Дәурен Тұрсағұлов бір-бірден қанжығаларын майлады. ?️ Рикардо Кака шәкірттері Еуропа чемпионатының жаңа іріктеу кезеңінің алғашқы ойынын өткізген еді. Қазақстан құрамасы голдары мен ойынның басқа да маңызды сәттері бейнематериалда көрсетілген. ? Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Back to Top