2 жасар баланың өлімінен соң ауыл әкімі кәріз құбырын жөндеуге кірісті

#КТКжаңалықтары Алматы облысында 2 жасар бала кәріз қалдығына тұншығып көз жұмды. Қайғылы оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Қазақстан ауылында болған. Елді мекенді бойлай өтетін ескі кәріз құбыры тесіліп, қалдық сай-салаға ағады екен. Арыққа жиналып қалған лас суға бүлдіршін абайсызда құлап кеткен. Ауылдық округ басшысы болған оқиғаға ата-ананы кінәласа, тұрғындар әкімнің шарасыздығына күйінеді. #Алматыоблысы #бала #өлім
Back to Top