Алматыда өртенген жатақхана тұрғындары мектептің спортзалын паналап отыр

#КТКжаңалықтары Алматыда 20 отбасы тұратын жатақхана өртеніп кетті. Тілсіз жау 270 шаршы метрді шарпып, екінші қабат тұтастай жанып кеткен. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Десе де бір сәтте бар дүние мүлкінен айырылып далада қалған жұрт уақытша мектеп спорт залына орналасты. Ал жатақхана қожайыны әр отбасының шығынын шамам жеткенше төлеп беремін деп отыр. #Алматы #жатақхана #өрт #тұрғындар
Back to Top