Зиянкестерді улаймын деп 6 жасар баланы өлтіріп алды

#КТКжаңалықтары Қандаланы қырудың соңы қазаға әкелді. Ақтауда алты жасар бала токсикологиялық заттан уланып, көз жұмды. Көршілері зиянкестерді жою үшін химикатпен тазарту жұмысын жүргізген көрінеді. Соның салдарынан жоғарғы қабаттағы бір отбасынан үш адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Көршілердің айтуынша, ең сорақысы дезинфекция жүргізгендердің өзі ешкімді ескертпей, жұмыстарын тындырып болған соң кетіп қалған. #Ақтау #бала #улану #өлім
Back to Top