Қажылыққа бару уақытша тоқтатылды

#КТКжаңалықтары Кеселдің кесірі тимесін! Мемлекет басшысы әлемді алаңдатқан коронавирустың Қазақстанға қауіп төндірмеуін үкіметке тапсырды. «Ел азаматтарының денсаулығын қорғау мақсатында сақтық шараларын күшейту қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шара қабылдау керектігіне де тоқталды. Біздің елде де карантинде жатқан азаматтар аз емес. «Ешқайсынан ауру белгілері анықталған жоқ», - деп сендірді Денсаулық сақтау министрі. #коронавирус #Қазақстан #Біртанов
Back to Top