Ақмола облысында мембағдарламаларды мандыта алмаған шенеуніктер Тоқаевтан сөз естіді

#КТКжаңалықтары Туризмге қолайлы аймақ – Көкшетаудың табиғи байлығын кәдеге асыра алмай отыр! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына барған сапарында жұмысты ұйымдастыра алмай жүрген әкімдерге шүйлікті.Табиғат өз алдына, аймақта дайын газдың игілігін көрмей отырған елді-мекен көп. Өйткені, оларды Сарыарқа газ құбыры магистраліне жалғауға құжат дайын емес. Мемлекеттік бағдарламаларды мандыта алмаған шенеуніктер де бүгін президенттен сөз естіді. #Көкшетау #президент #Тоқаев #шенеуніктер
Back to Top