Ауа-райының қолайсыз, тосын мінезі баспанасыз жандардың да берекесін алды. Аяз көтерілген соңғы күндері қаңғыбастарған арнап ашылған орталықтың да іші лық толы. Мұнда күн сайын үсік шалып, суық өткен көше кезбелері жеткізіліп отырады. Өткен жылы аталған мекеменің қамқорлығын 244 адам көрген екен. Оның 166 ның туған-туыстары табылып арнайы оңалту шараларын өткен.
Бининов Александр бұл орталыққа осыдан екі күн бұрын түскен екен. 8 жыл бойы дала кезіп жүрген бейбақ қыстың уақытында жылу құбырларының өзі пана бола алмайды дейді.
2002 жылдан бері қызмет істеп келе жатқан бейімдеу орталығы дала кезбелері мен қоса жазасын өтеп шыққандарға да көмек көрсетеді екен. Қазіргі таңда орталықта 5 дәрігер мен 4 жедел топ пен жұмыс істеп жатыр. Орталық басшылығының айтуынша орталықта адам қарасы жазға қарағанда қыс айларында көп болады екен. Тіпті күн суытқанда өздері сұранып кеп жататындары бар дейді.