Түркістан облысында жалған құжатпен рәсімделген 42 автокөлік анықталған

Жергілікті полиция көлікті жүргізу куәліктерін де ақшаға сатып келген сыбайлас топты да әжкереледі. Көлеңкелі істі кәсіп еткендер тапсырыс берушінің құжатқа қажетті деректерін жинап, өзін суретке түсіріп алса болғаны. Бірнеше тәулік ішінде жүргізуші куәлігін дайын етіп қолына ұстатып отырған. Соның салдарынан жол ережелері мен қауіпсіздік талаптарын білмейтін көлік жүргізуішілері көбейген. Соған байланысты департамент мамандары барлық аудан, қалада тексеріс жүргізуде.
Back to Top