ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы - деп ақын
Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры
Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық - ұлык емес, ұлы
қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.
Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, енбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз“ деген.
Ендеше өз ісіне берілген, жаналықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз - шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!
Құттықтау⬇️
#ұстаздаркүніқұттыболсын #ұстаз #ұстаздаркүні #ұстаздаркүнінеқұттықтау