Ақ қағазға ақ қаламмен,
Арман толы үн қаттым.
Арзан сөзге алданбайтын
Тыңда мені, қымбаттым.
⠀
Шын ғашықтар қосылады,
Жұрт айтқанға сенбеймін.
Қыз Жібектей құлпырсаң да
Төлеген боп келмеймін.
⠀
Біз екеуміз бір әлембіз,
Зерттемеген әлі ешкім.
Мона Лиза емессің сен
Мен да Винчи емеспін.
⠀
Айтшы маған қандай жансың,
Дегеніме көнбейтін.
Шәмші болсам ән жазар ем
Көңіліңді тербейтін.
⠀
Бар сезімім отқа айналсын,
Қарсы жауап бер мейлі.
Мұқаң ұқсап махаббатқа
Ішіп барғым келмейді.
⠀
Сен ақылды адамсың ғой,
Жүрек неге жоқ дейді?!
Сені қалай сүю керек
Менің миым жетпейді.