Kaspi Pay қосымшасында Kaspi Бизнес Депозитті іске қосты
Енді серіктестеріміз Kaspi Pay-де күнделікті сыйақы есептеу арқылы жоғары мөлшерлемемен Бизнес Депозитті онлайн аша алады.
Михаил Ломтадзе, басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:
«Kaspi Pay қосымшасын 700 мыңнан астам қазақстандық кәсіпкер пайдаланып отыр. Біздің серіктестеріміздің ақшасы әрдайым айналымда. Бірақ кейде қысқа уақытқа артық ақша пайда болады. Ол пайда әкелуі үшін біз Kaspi Pay-де Бизнес Депозитті іске қостық. Енді онда қаражатты сақтаған әр күн үшін серіктестеріміз жоғары мөлшерлемемен сыйақы алады. Біздің сүйікті әр серіктесімізге бизнесті бізбен бірге дамытуына тілектеспіз!»
Kaspi Pay-де Бизнес Депозиттің ең аз сомасы – бар-жоғы мың теңге. Депозитті тура Kaspi Pay қосымшасында онлайн ашуға болады. Сыйақы күнделікті есептеледі. Кез келген уақытта сыйақыны жоғалтпай, ақшаны алуға және толықтыруға болады.
Kaspi Pay-дің өнімдері мен сервистері жайлы көбірек білу үшін Kaspi Гид-ке кіріңіз:
Kaspi Pay-дің серіктестеріне арналған Telegram-дағы арнаға жазылыңыз: