Али Окапов - Жаңғырық (Батырхан Шүкеновтың рухына бағыштау)

Әні: Шырын Базарқұлова, Әли Оқапов. Сөзі: Исраил Сапарбай Уақыттың қанатынан Қаймығады қара тұман. Шаттыққа бастаған асқақ ән Шақырады жер мен көктің арасын. “Кел, кел!“ дейді қолын бұлғап, Дауыстап дара шыңнан. Өмір - жұмбақ, Өмір - қымбат, Аты оның - Мәңгілік! Ақ қауырсын желге ұшады, Суымайды жер құшағы. Тербетіп қазақтың даласын, Ән жазады жүректердің жарасын. “Кел, кел!“ дейді қолын бұлғап, Дауылдай аласұрған! Өмір - жұмбақ, Өмір - қымбат, Аты оның - Жаңғырық!
Back to Top