Тікелей эфир: Алматыда Назарбаевтың атын иеленген даңғыл несімен ерекше?

Алматылықтар президенттің есімін енді жиі қайталайтын болды! Өйткені, қаладағы ең негізгі көшелердің бірі Фурманов көшесінің атауы бүгіннен бастап Тұңғыш президент Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы даңғыл деп өзгертілді. Көшені Ұлт көшбасшысының атымен атауды Үкімет жанындағы республикалық ономастикалық комиссия да бірауыздан келіскен. Соның нәтижесінде, қала мәслихаты отырысында таңатысымен осындай айрықша шешім қабылданды. Жап-жаңа атауға ие болған көшеден қазір тілшіміз бізбен тікелей байланысқа шыққалы тұр. Аруна, жаңа көшенің жұрт білмейтін қандай ерекшеліктері бар? Әрі көшенің жаңа атауы жайлы алматылықтар не деп жатыр?
Back to Top