Алматыда танымал дизайнер сүйіктісінің ағасының қолынан қаза тапты

Алматыда танымал дизайнерді өлтіріп кетті. Сәбит Сырахан сүйіктісінің ағасының қолынан қаза тапты. Полицейлердің дерегінше, қайғылы оқиға 18 қазан күні түнгі екілер шамасында «Алмагүл» шағын ауданында болған. Полицияға ер адам хабарласып, азаматтардың төбелесіп жатқанын жеткізген. Салдарынан бірі соққыға жығылып, екіншісі оқиға орнына ізін суытқан. Жедел жәрдем дәрігерлері ер азаматқа көмек көрсетпек болғанымен ол алған жарақатын көз жұмған. Полицейлер күдіктіні көп ұзамай қолға түсірді. Ол марқұм Сәбит Сыраханның қызының ағасы екені анықталған. Күдікті қамауға алынып, адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған. Егер 29 жастағы күдіктінің қылмысы дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top