Мемлекетке 27 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды
Мемлекетке 27 миллион қарызы бар автомобиль жүргізушісі ұсталды. Полицейлер оны “Борышкер“ жедел-алдын алу іс-шарасы барысында қолға түсірген. Үш күн ішінде тәртіп сақшылары жалпы сомасы 1 миллиард 223 миллион 170 мың төрт теңге әкімшілік айыппұл бойынша берешегі бар жиырма бір көліктің иелерін анықтаған. Барлық машина арнайы тұраққа қойылып, 2 миллионнан астам қарызы бар тізгіншілерге ескерту жасалды. Сондай-ақ, рейд барысында 1 миллион теңге берешегі бар жол ережесін өрескел бұзған жеңіл көлік иесі ұсталды. Ал бір аптаның ішінде сегіз мәрте жол жүру ережесін пысқырмаған жүргізуші 119 мың теңге айыппұл арқалады.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!