Иә, кеселге күле қарап, шетелге кеткендерді, қайтқанда құшақ жая қарсы алмайды енді. Үш аптада үш қайтара өзгерген құжатқа тағы түзетулер енгізілді. Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қолында ПТР тесті жоқ жолаушы ұшаққа кіре алмайды. Ал адамдарды сынамасыз тасымалдаған әуе компанияларға қатаң шара қолданылады. Сәдуақас Байғабыловтың сөзінше қазірдің өзінде тәртіпке бағынбаған бірнеше әуе компаниясы әкімшілік жауапкершікке тартылыпты.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!