Шымкентте құрылыс алаңында жұмысшы мерт болды

Шымкентте жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінде жұмысшы мерт болды. 34 жастағы ер адамның үстіне құрылыс панелі құлап кеткен. Ауыр дене жарақатын алған ол оқиға орнында жан тапсырған. Осы жағдайға байланысты шұғыл комиссия құрылып, тексеру басталды. Марқұм Өзбекстан азаматы екен. Шымкентке 2 күн бұрын ғана келген ол жаңа жұмыс орнымен танысып жүргенде өмірімен қош айтысқан. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top