ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің БАҚ қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
Құрметті әріптестер!
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл тек қалам ұстаған журналистердің ғана емес, ақпарат саласында жүрген барлық қызметкерге ортақ мейрам. Бұқаралық ақпарат құралдары – мемлекеттік саясаттағы маңызды бағыттардың бірі. Себебі Медиа тек ресми ақпарат таратудың құралы емес. Ол – ұлттық қауіпсіздік пен идеологияның да өзегі. Мемлекет саясатын түсіндіруде халық пен билік арасын жалғайтын – алтын көпір.
Сондықтан журналистердің қоғам алдындағы азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігі өте жоғары.
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде ұлттық Медиа елімізбен бірге жаңару мен дамудың биік белестерінен өтті. Ақпарат саласының мемлекеттік басқару процесіне ықпалы артып келеді. Баспасөзде сауатты көтерілген мәселелер – мемлекеттік қызмет сапасын жетілдіруге септігін тигізіп жүр. Президентіміздің «Еститін мемлекет» қағидасының нәтижелі іске асуында да журналистердің үлесі зор.
Әрбір журналистің бүгінгі күнделікті еңбегі арқылы мемлекетіміздің ертеңгі тарихы жазылып жатыр. Со
1 view
118
31
2 months ago 00:01:25 1
Алматыда Қытай азаматынан 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді