Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл келіп, университеттің оқытушы-профессорларымен және студенттерімен кездесу өткізді. Басқосуда Абдулла Гүл саяси саладағы көпжылдың тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде “Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – саяси тұрақтылық пен экономикалық өркендеудің негізі ретінде Н.Назарбаевтың құқықтық моделі“ атты Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Жиынның мақсаты-Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуы мәселелерін талқылау. Айтулы шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
#КазНУ #KazNU #Farabimedia