ҚазҰУ. Аптаның айшықты оқиғалары

ТҮЛЕКТЕР ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ АЛДЫ Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері алғаш рет жаңа үлгідегі диплом алды. Биыл қарашаңырақты 6600 студент тамамдады. Оның ішінде 4 798-і бакалавр бітірсе, 1 611 жас ғылым магистрі атағын иеленді. ҚАЗҰУ КІТАПХАНАСЫ 246 ӨТЕ ҚҰНДЫ СИРЕК КІТАППЕН ТОЛЫҚТЫ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасы қорына белгілі ғалым Бақытжан Дүйсенбеков ғылыми-әдеби мазмұны бай, мағынасы терең, сирек кездесетін көне кітаптарды тапсырды. ОҚУ ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биылғы оқу жылын қорытындылады. Осыған байланысты өткен жиында білім ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев биылғы жетістіктерді саралап, маңызды міндеттемелерге назар аударды. #жаңалықтар #FarabiMedia #новости
Back to Top