Зейнетақы жүйесі халықтың мүддесіне сай құрылуы қажет

“Зейнетақы жүйесі халықтың мүддесіне сай құрылуы қажет“. Жетінші шақырылымдағы Парламентінің 1-сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнатақы жүйесін ары қарай дамыту жайында айтты. “Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі бағыттарының бірі отандық зейнетақы жүйесі. Аталған жүйенің әділетті, тұрақты, халықтың мүддесіне сай құрылуы қажет. Біз өте маңызды, бірегей реформаны іске қостық, яғни зейнетақы активтерін ішінара алу мүмкіндігі берілді“, - деді Президент. Сондай-ақ, Үкімет пен Ұлттық банктің зейнетақы жүйесін ары қарай дамыту тұжырымдамасын даярлап жатқанын еске салып, әлеуметтік саясатты жетілдіру жолында Парламенттің жаңа мүшелерінен белсенді жұмысты күтетінін жариялады. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top