4 баласы бар атыраулық әйел жаңа туған нәрестесін қоқысқа тастаған

Жаңа туған сәбиді қоқысқа лақтырып жіберген . Атырау облысында 35 жастағы келіншек үйінде босанып, шақалақты жәшікке салып, қоқысқа тастаған. Полицейлер нәрестенің өлі денесін күдіктінің үйінен 100 метр жерден тапқан. Безбүйрек ана сұмдық қадамға неліктен барғанын түсіндіруден бас тартты. Жаға ұстатарлық оқиға Сағыз ауылында болған. “Қан кетіп жатыр“ деген шақыртуға жеткен ақ халаттылар әйелдің жаңа босанғанын анықтап, полицейлерге хабарлаған. Белгілісі, әйелдің күйеуі мен 4 баласы бар. Алайда, жүктілігіне байланысты ол дәрігерлердің есебінде тұрмаған. Қазір полицейлер «Жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу» бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастап кетті. Кешенді сот медициналық сараптама жарық дүниені көріп үлгермеген шақалақтың неден өлгенін анықтайтын болады. ? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top