Шетелден оралған отандастарымыз елге індет әкеліп жатыр
Шетелден оралған Қазақстандықтар елге вирус әкеліп жатыр. Мысырдан келген тағы төрт отандасымыздан коронавирус анықталды. Кеше ғана Шарм-эль-Шейх қаласынан ұшып, Қостанайға қонған азаматтар ПТР-тест тапсырып, карантиндік стационарда нәтижесін күтуде. Ал біздегі жағдай онсыз да мәз емес еді. 10 қаңтарда 773 адамнан коронавирус пен пневмонияның Covid-ке ұқсас түрі анықталды. Бір күнде 1 адам - коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Ақмола облысы аурудың таралуы бойынша қызыл аймақта тұрған еді, оған енді батыстағы Атырау қосылды.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!