Алматы облысында жаңа локдаун жарияланады. Алатау баурайындағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағанына байланысты алдағы демалыс күндері Талдықорған қаласында, Көксу, Ескелді аудандарында қосымша шектеулер енгізілгелі жатыр. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 13 қаңтардан бастап мейрамханалар мен дәмханалардың, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің, азық-түлік базарлары, дәріханалар, сұлулық салондары мен химиялық тазарту орындарын қоспағанда жабық базарлардың, сауналар мен СПА салондардың, спорттық-сауықтыру орталықтары және мұз айдындарының жұмысы тоқтатылады. Сондай-ақ, осы жылдың 21 қаңтарына дейін аталған аймақтардың мектептерінде онлайн оқыту мерзімі ұзартылды.
Аурудың жылдам таралуы бұл аймақта қазаннан басталды. Қыркүйекте 74 науқас анықталса, келесі айда бірден 184, қарашада - 591, жыл соңында 1386-сы бір-ақ шықты. Ал кеше Жетісу жерінде 597 адам коронавирус жұқтырған. Алматы облысының кейбір аудандары “қызыл“ және “сары“ аймақтарда қалып отыр.
26 views
2
0
2 months ago 00:01:06 1
Алматы облысында «Таза бейсенбі» экоакциясы аясында 18 тонна қоқыс шығарылды
8 months ago 00:03:45 1
Атынан несие алып, артынан ұрып өлтірген
9 months ago 00:08:57 1
МҮФТИЯТ ТЫНЫСЫ // БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ
12 months ago 00:01:09 1
Алматы полициясының қызметкері пауэрлифтинг бойынша чемпион атанды
1 year ago 00:00:49 2
Алматы полициясы: бозбаланы қағып кеткен жүргізуші ұсталды
1 year ago 00:03:07 1
Алматы облысында 3 адам пойызға тапталып мерт болды
1 year ago 00:02:50 1
Алматы облысында 24 жастағы әйел несиесін жабу үшін баласын сатқан
1 year ago 00:02:05 1
Алматы облысында 50-ге жуық отбасы баспаналы болды