Тоқаев қазақстандық екпе тиімділігін дәлелдесе, салдыратынын мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев егер тиімділігін көрсетсе коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинасы салдыруға дайын екенін мәлімдеді. Ол бұл жайлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. Президент алдағы вакцинация науқаны жөнінде Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма бере отырып, өзге ведомство басшыларына да бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Әрі бейберекетсіздікке жол беріп алмауымыз керек деп мәлімдеді. Негізгі екі сұрақ. Вакцинация науқанын өткізуге медициналық мекемелердің даярлығы, екіншісі халық арасында түсіндіру жұмыстары. Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі медиктерді оқыту, арнайы стандарт пен вакцинаны қолдану нұсқаулықтары дайын екендігін баяндады. Алайда минус 20 градус температураны қамтамасыз ететін тоңазыту жабдықтары жетіспейтінін атап өтті. Себебі науқанның алғашқы кезеңінде Ресейлік Спутник 5 екпесі қолданылады. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус
Back to Top