Қашықтан оқыту үшін ноутбукке бөлінген ақшаны жымқырған

Алматы облысындағы білім саласына жауапты шенеуніктер жемқорлық бойынша былыққа ілікті. Атап айтсақ, облыстық Білім басқармасының басшысы ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы мен ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының директоры ұсталды. Аталған үшеу пандемия кезінде мектеп оқушылары үшін қашықтан оқытуға қажетті 2 522 ноутбукты мемлекеттік сатып алудан пайда көрген. Жалпы сомасы 406 млн теңгеге бірнеше жеке кәсіпкермен келісім жасаған. Омарова, Меңлібаев және Абдолданова жеке-жеке тергеу абақтысына қамалып, олардан 37 млн 650 000 теңге тәркіленді. Бұл қаражатты басқарма басшылары тендер ұтқан компаниялардан пара ретінде алған.#бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top