Көкек ана. Тасбауыр әке. Тастанды бала. Қазақ ұғымына ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында енген құлаққа түрпідей тиетін тұрпайы тіркестер мен жатбауыр ұғымдар. Енді міне, Жалғыз басты аналар үйі мен «Сәби-жәшіктер». Жаныңды жабырқатып, сананы сарпалдаңға салатын осы бір құбылыстар үшін жүрек қалай ауырмасын. Ауырғаның не, жер бауырлап жылайды-ай келіп... «Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда» («Әл-Аъраф»:179) деп келер ардақты Құран аяты еске оралады. Қапысыз қалай айтылған. (Әрине, қапысыз айту Үстем, Дана болған Аллаға ғана жарасады емес пе?) Олар үшін баласын тастағандар мен ата-анасын қараусыз қалдырғандарға ана, әке, бала деген ардақты есімдерді қорлағың келмейді.