44 бала туған әйел жұртты таңғалдырды (видео) - новости Казахстана [ - 43533373_1195225927285057_79811

44 бала туған әйел жұртты таңғалдырды (видео) Африканың угандалық тұрғыны Мариам Набатанцы әлемдегі алтын құрсақты ана саналады. 39 жастағы әйел күйеуінен 44 бала туған деп хабарлайды Өмірге 44 баланы аман-есен алып келгенімен, бүгінде оның 38-і ғана тірі қалған. Мариамды әкесі мен өгей анасы 13 жасында тұрмысқа беріп жіберген. Ал жұбайы өзінен 27 жас ұлкен екен. “Ол кезде мен сезім мен махаббаттың не екенін қайдан білейін. Әке-шешем мені сатып, байып қалды. Ал күйеуімді тойдан кейін бір-ақ көрдім. Ол кезде менің ойым ешкімді қызықтырмады“, - деп өткенін еске алды Мариам. Аяғы ауыр болғандықтан, күйеуінен қорлық көрсе де кете алмаған. Мариам алғашқы егіздерін тойдан бір жыл өткен соң босанған. Содан кейін төрт рет төртемнен, алты рет егізден, төрт рет үшемді дүниеге алып келген. Ал қалған сәбилерді біреуден босаныпты. Күйеуімен 26 жыл отасқан Мариам Набатанцыдың бүгінде 10 қызы мен 28 ұлы бар. Ол қазір балаларын жалғыз асырап отыр. Өткен жылы көпбалалы әке отбасын тастап кетіпті.
Back to Top