Арал халқы: сасық иіске тұншықтық!

Онсызда экологиялық апаттың зардабын аз тартпаған Арал қаласы тұрғындарының тынысы тарылып жатыр. Үйден шығып, терезе ашудан қалдық деп шулаған жұрт 24 сағат бойы қолқаны қабатын сасық иістен әбден мезі болғандарын айтады. Мәселе тек иісте ғана емес. Қазір ауылдың малдары да жаппай бірінен кейін бірі қырылып жатқан көрінеді. Басты себеп - елдімекеннен небәрі бір шақырым жердегі алаңға кәріз суы тәулік бойы құйылып жатыр екен. Ал, бұған жергілікті биліктің айтар өз уәжі де жоқ емес. Тұрғындардың мұңына құлақ түріп қайтқан тілшіміз не дейді? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top