Жетісайда өгей балаларын ұрған әйел қамауға алынды

12 сәуірде Жетісайда Дінмұхамед Қонаев атындағы мектептің бір отбасындағы алтыншы, жетінші және тоғызыншы сыныпта оқитын оқушы қыздарының бетінің көгергенін сынып жетекшілері байқаған. Мектеп директоры болған жайт бойынша білім бөліміне хабарлағаннан соң аудан әкімдігі, полициямен бірге қыздарды әке-шешесінен оқшаулау жайы қарастырылған. Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз xатшысы Салтанат Қаракөзова “өгей қыздарын ұрып-соққан“ әйелдің уақытша тергеу изоляторына қамалып, үстінен іс қозғалғанын хабарлады. Әжесінің өтінішімен қыздың үшеуі де оның қарауына берілген. Толығырақ:
Back to Top