Ашаршылық туралы фильмді көруге келгендер залға сыймады
Қаңтардың 30-ы күні кешке Алматыдағы “Арман“ кинотеатрында журналист #Жанболат Мамайдың 20 ғасырдың бас кезінде Қазақстанда болған ашаршылық туралы деректі фильмі көрсетілді. Бір сағат 25 минутқа созылатын деректі фильмді көруге көп адам жиналды.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, көрерменнің көптігіне байланысты фильм бір мезгілде театрдың үш залында қатар қойылған. Алайда соған қарамастан, залға сыймаған кей адамдар фойеде тұрып қалды.
Бес бөлімнен тұратын “Зұлмат“ деректі фильмінде қазақстандық тарихшылардың 1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы екі ашаршылық және оның себептері жайлы рет-ретімен көрсетілген.
Толығырақ:
1,989 view
70
23
6 months ago 00:27:44 1
Почему Назарбаев и Токаев не признали голодомор ген@цидом казахов / Максим КУРНИКОВ. ГИПЕРБОРЕЙ №427
11 months ago 00:14:56 1
1932 ж. Қазақ жеріндегі АШАРШЫЛЫҚ туралы. ГОЛОДОМОР 1932 г в Казахстане. Өтебай Қанахин. (BBC 1989)
1 year ago 01:25:36 4
Смотреть всем! Зұлмат. Зулмат. Геноцид в Казахстане. Ашаршылық туралы деректі фильм!