Илья Ильин Әлемнің 4 дүркін Чемпионы

Қазақстандық екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильин жаңа жеке рекордын орнатты. Ол 242 кг зілтемірді еңсерген. Бұл туралы спортшы өзінің Инстаграмдағы жеке парақшасында жария етті, - деп хабарлайды Қазақпарат. «Менің тағы бір жаңа рекордым. Серпе көтеруде 242 кг-ні бағындырдым», - деп жазды ол өзінің жаттығуы кезінде түсірілген видеосына пікір ретінде. Сондай-ақ, ол өзінің әріптесі Алмас Өтешовті де жаңа жеке рекордын орнатуымен құттықтаған. «Серпе көтеруде 230 кг-ні еңсерген Алмас Өтешовті құттықтаймын.
Back to Top