Атырау Цифрлы абылдау мобильді осымшаны бейнеабылдауы

Құрметті Атырау қаласы тұрғындары және қонақтары! Сіздердің назарларыңызға ““Атырау Цифрлық Қабылдау“ мобильді қосымшаның бейнеқабылдауы“ апта сайынғы айдарын ұсынамыз.Бұнда мобильді қосымшаға келіп түскен ең көкейтесті сұрақтарға жауаптар жарияланатын болады. Бүгін біз төмендегі мәселелер бойынша жауап іздедік: «Жеңіс» саябағы алдындағы және Қазпочта филиалы төңірігіндегі тас жолды қалыпқа келтіру жөніндегі сауалға Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Қуанышбек Қабдығали жауап берді. Балықшы ықшам ауданында қазылған орды қалыпқа келтіру бойынша қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы Олжас Хасанов мәлімдеме жасады. Жаңа туылған нәрестелерге берілетін тегін дәрі-дәрмек қобдишасына байланысты сауалға Атырау облыстық перинаталдық орталық директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Қазбек Ермағамбетов пікір білдірді. Өзіңіздің сұрақтарыңызды ““Атырау Цифрлық Қабылдау“ мобильді қосымша арқылы бере аласыз, бұл бағдарламаны қазіргі таңда үш мың адам қолдануда
Back to Top