кім-аралара халы баа береді!

Бұдан-былай әкім-қаралардың қызметіне билік емес, халық баға береді. Биылғы Жолдауда айтылған тағы бір маңызды тармақтардың бірі – өңір, аймақ, тіпті облыс басшыларының жұртшылық алдындағы жауапкершілігін арттыру. Яки, енді шенеуніктердің тайраңдап, өзім білемдіге салынып жүруіне жол жоқ деді Президент! Не бітіріп, не тындырып жатқандығы турасында халық алдында есеп беруі тиіс. Ал, жұмыстың тиімділігі әлеуметтік сауалнама арқылы анықталады. Жергілікті жұрттың 30-пайыздан астамының әкімге көңілі толмайды ма? Онда іске арнайы комиссия араласады. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top