Осы аптада елдің билік олимпінде біраз өзгерістер болды. Президент әкімшілігінің басшысымен қатар бірнеше министр, және аймақ басшылары ауысты. Мәселен, бұған дейін. Қарағанды облысының тізгінін ұстаған Ерлан Қошановтың жұмыс орны – енді Ақ Ордада. Ол бұдан былай Президент әкімшілігінің жетекшісі. Ал оның орнына экс вице-премьер Жеңіс Қасымбек барды. Лауазымында бар-жоғы 82 күн ғана болған Қырымбек Көшербаев болса, мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловта орынтағын ауыстырды. Енді ол Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін тізгіндейді. Аталған ведомстваның экс-басшысы Роман Скляр болса, Премьер-министрдің орынбасары креслосына орнықты.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан