ееее

Тақырыбы: «Біз біргеміз» челленджі қабылданып, ауданның басқа жастарына жолданды! 2020 жылды Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «волонтерлар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай, республика бойынша еліміздің белгілі әртісі Қабатов Тұрсынбек «БІЗ БІРГЕМІЗ» челленджін ел жастарына жолдады. Әйтеке би ауданының «Жас Отан» ЖҚ, аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жастары және колледж еріктілері челленджді қабылдап, аудандағы жалғызбасты аналар мен қарт кісілердің аулаларын қардан тазартып берді. Осы челленджді аудандық полиция бөлімі, аудандық орталық аурухана және барлық ауылдық округ жастарына жолдайды! Қабыл алыңыздар!
Back to Top