«Ел үлесі пәтерге»

Бас мүфти бастамасымен республика аумағында Ел үлесі пәтерге қайырымдылық акциясы бастау алған болатын. Мақсат – мұқтаж отбасыларға баспана алып беру. Бүгін осы аталмыш жоба аясында Қазақстан бойынша мұқтаж отбасыларына 125-ші пәтердің кілті табысталды.Бұл қайырымдылық шарасы ҚМДБ «Зекет» қорының Өскемен аймақтық бөлімінің ұйытқы болуымен Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ кентінде жалғызбасты анаға 4 бөлмелі үй берілді. «Ел үлесі-пәтерге» жобасы өңірде алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Back to Top