«СПУТНИК V» ВАКЦИНАСЫН САЛДЫРҒАН ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Ресейлік Спутник V екпесін салдырған алматылық дәрігер коронавирус жұқтырды. Иван Мельников екпе алса да дене қызуы 39 градусқа көтеріліп, қатты жөтел пайда болғанын айтады. Кейін дереу ПТР тапсырып, ақ халаттылардың бақылауына алынған. Адамдарды емдеймін деп жүріп, індетке шалдыққан дәрігермен әріптесім Мейрамгүл Салқымбаева тілдесті. ЕЛІМІЗДЕ «ҚЫЗЫЛ» АЙМАҚҚА ЕНГЕН ӨҢІРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ Елімізде «Қызыл» аймаққа енген өңірлердің саны көбейе бастады. Бұл тізімге бүгін Атырау облысы қосылды. Осылайша, қауіпті аймаққа енген аймақтардың саны 4-ке жетті. Олар экранда көресетілген. Ал «Сары» аймақта: Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл
Back to Top