Қызылордада облысы әкімдігінің дәл іргесіндегі үш көшенің тұрғындары қақаған қыста үйлерінде бүрсең қағып отыр. Соқпақбаев, Бекшораұлы және Алмалы көшелерінде бір айдан бері табиғи газдың қысымы көтерілмей, тұрғындар үсуге сәл-ақ қалғандарын айтады. Жанайқаларын жауапты мекемедегілерге жеткізіпті. Ондағылар қысымды реттегіш қондырғыны қалталарыңнан ақша шығарып, орнатып алыңдар депті. Ал оның бағасы миллион теңгеден асып жығылады екен.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!