Түркістанда Шардара ауданының “Өнерлі өлке“ фестивалі өтті. #shorts
«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІН ШАҒАЛАЛЫ ШАРДАРА АУДАНЫ ЖАЛҒАДЫ
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Шардара ауданының Түркістан қаласындағы мәдениет күндері басталды. Ауданның мәдениет күндері Этноауыл аумағында «Шежірелі өлке өрнектері» атты қолөнер, қылқалам шеберлерінің көрмесімен басталды. Сонымен қатар «Шардара-Армспорт» клубының арнайы көрмесі, «Сыр шерткен Сырдың қойнауы» атты Шардара аудандық тарихи өлкетану мұражайының көшпелі көрмесі мен «Түркістан – текті төріміз» атты кітап көрмесі жасақталды.
Шара барысында киіз басу, құрақ құрау сынды қолөнер бұйымдарының жасалу технологиясынан туристерге мастер-класс өтті. Алтыбақан аясында «Сахара сазы» атты ақындар айтысы мен «Халық әні – қазынам» халықтық фольклор өнері көпшілікті тәнті етті. Күн соңы «Салт-дәстүрім – алтын қазынам» атты әдеби-сазды композициялық қойылымымен аяқталды. Аталмыш қойылымда ұлттық тағамдар көрмесі, ұлттық киім сән үлгілері, «Баланың бауырынан табақ жүгірту», «Тұсау кесер», «Біз шаншыр», «Шеге шапан», «сырға салу» және жас отауды қолдау сынды ізгі дәстүрлер көрсетілді.
Ақпарат бізден, бағалау сізден!❤
Бізге тіркеліп, қолдап қойыңыз.✊
INSTAGRAM:
ВКОНТАКТЕ:
FACEBOOK:
#ӨнерліӨлке #Шардара #Этноауыл #Түркістан #Түркістаноблысы #Түркістанқаласы #Туркестан #городтуркестан #turkistantv #turkistan #туркестанскаяобласть #kazakhstan #город13 #shorts #shortvideo
1 view
194
19
1 year ago 00:00:58 1
Түркістанда Шардара ауданының “Өнерлі өлке“ фестивалі өтті. #shorts
1 year ago 00:00:56 1
Шардаралықтар Түркістанда өнер көрсетуде. Өнерлі өлке фестивалі. #shorts