Елордалық жастар бизнес жоспарды сауатты жасауды үйренді

Ебін тапсаң еңбегің жанар. Елордалық жастарды бизнес жоспарды сауатты жоспарлауға әлден үйрету қолға алынды. 15 жастан асқан жасөспірімдер арнайы шеберлік сағаты, семинарда өз идеяларын ортаға салды. Жастар ресурстық орталығы осылайша шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға үлес қосып отыр. Жас кәсіпкерлер қауымдастығы бір жолы Қазақстанда жас бизнесмендердің қатарын 1 млн-ға жеткізу туралы айтқаны есімізде. Бұл бастаманы қолдаған жастар саясаты басқармасы мотивациялық тренингтер ұйымдастырып отыр.
Back to Top