Жаһандық саяси жаңалықтарға көз салсақ ең қарқынды дамып жатқан мемлекеттің бірі Қытай Халық Республикасы екенін көреміз. Мейлі экономикалық жағынан, мейлі ғылыми жаңалық ашу жағынан болсын Азия айдаһарына ешбір елдің тең келер емес. Әлемдегі ең көп тұрақты пайдаланушысы бар тіл де Қытай тілі. Сондықтан да болар бүгінгі жастар арасында күрделілігіне қарамастан осы тілді үйренуге деген қызығушылық жоғары-ақ. Қытай тілін үйренушілердің қатары біздің оқу орнымыздың “Екі шет тілі” мамандығында оқитын студенттердің арасында да көбеюде. Осыған орай Университет басшылығы аталған тілді үйренем деушілерге жағдай жасау мақсатында “Қытай тілі орталығын” ашты.