«Таза мінсіз асыл сөз» атты облыстық байқауда ойы анық,тілі жатық бозбалалар мен бойжеткендер бақ сынасты
Шешендік өнер екінің бірі,егіздің сынарының өн бойына қонақтай бермейді.Халқымыздың асыл қазынасы ұрпаққа атаның қаны, ананың сүті арқылы дариды.Күлтөбенің басында күнде жиын құрған,төрелігін тесіп айтқан Төле би де жаугершілік заманда дұшпанын бір ауыз сөзіменен тосылдырған.Қаздай даусы қаңқылдаған, қар қылды қақ жарған Келдібектің ұлы Қазыбек бабамызда Кембриджді бітірмеседе ақыл-дариядан кенде болмаған.Кешегі кемеңгерлер дауларды жаға жыртыспай-ақ бітімгершілікпен шешкен.Би-шешендер ұлттың қамы үшін толарсақтан сазда,тіпті керек кезінде басынан базда кешкен.Ал байқауда 16 мен 25 жас аралығындағы сөздің мәнін білетін, мәйегін жазбай танитын үміткерлер қазылар алдында мүдірмей көсілді.
Сөз шеберлерінің сайысында ұлдар мен қыздар тек ана тілде аянбай арындады.Төрт кезеңге бөлініп топта түскен қатысушылар жүгені құрық тимеген,қарақұлақ асаудай дүбірлетіп шапты.Озат оқушылар домбыраны күмбірлеткенде ұлт жанашырының қызғыш құстары керімсал күйге бөленді.Оны тапжылмай отырған ағайынның құлағы естіп, көзі көрд
456 views
3400
1471
5 years ago 00:04:01 5
NINETY ONE - BARI BILED [M/V]
8 years ago 00:02:16 580
«Таза мінсіз асыл сөз» атты облыстық байқауда ойы анық,тілі жатық бозбалалар мен бойжеткендер бақ сынасты