Петропавлда қоғам дертіне қарсы баскетболдан турнир өтті

“Есірткісіз болашақ үшін!“ Осындай ұранмен Петропавлда баскетбол турнирі өтті. Қоғам дертіне қарсы іс-шараға шенділерден, жастардан, спорт ардагерлері мен оқытушылардан тұратын 6 команда қатысты. Олар «Жеңіс» олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде 4 күн бойы мықтыны анықтады. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орын “Northkaz Basketball Bears“ ұжымына бұйырды.
Back to Top